361
КА 168/2 түзету мекемесінде 132 адам жазасын өтеп жүріп, қосымша жұмыс істеген. «Бірақ, еңбекпен қамтушы мекемелер бірнеше айдан бері олардың айлығын төлемеген. Бұл жайт прокурорлық тексеріс кезінде мәлім болды», дейді облыс прокурорының орынбасары Ғалымжан Тілеубаев.
Прокурорлардың араласуымен сотталғандарға 5 миллион теңгеден астам жалақы төленді. Еңбек заңнамасын бұзған «Еңбек-Жайық» РММ филиал басшысы мен бірқатар жеке кәсіпкер әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылды.