Ақтөбеде аңшылар құс ату лимитінің азайғанына наразы

Теги: ,
414

Бұған әкімдік облыстағы 6 аң шаруашылығының жерді жалға беру мерзімін ұзартпай отырғаны себеп, -дейді аңшылар. Ал аң аулау лимитінің көп бөлігі сол шаруашылықтарда қалған.

«8 мыңнан астам аңшыға осы көктемде небәрі бес жүздей үйрек атуға рұқсат беріліп отыр. Сонда біз бір үйрекке бола, алыстағы аудандарға барамыз ба? Бұл аңшыларды мазақ қылу ғой?», — дейді аңшы Асылбек Қанбаев. Ол бұл жағдай аңшыларды браконьерлікке итермелейді дейді.

Тағы бір аңшы Рүстем Аяповтың айтуынша, облыс резервінде бос жатқан 25 шаруашылық бар. Ол аумақтарды аңшыларға берсе, лимит мөлшері де көбейер еді деген пікірде. Жазғы құс санағының дұрыс жүргізілмеуі тағы бір себеп, — дейді ол.

Әкімдіктегілер мәселе шешіледі, тек 2 ай күту керек деді. Ақтөбе облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Әнуарбек Бермағамбетовтың сөзінше, аймақтағы 53 аң аулау алаңының 28-і тіркелген. Қалған 25-і алдағы 2 айдың ішінде электронды аукцион арқылы бекітілуі тиіс.

Демек, ақтөбелік аңшылардың көктемгі маусымға берілген лимитті қанағат етуден басқа амалы жоқ.

Ақтөбеде көктемгі аң-құс аулау кезеңі 9-сәуірде басталып, екі аптаға созылады.

Предыдущая запись
Түркістан облысы: зейнеткерді тірідей өртеп жіберген
Следующая запись
​В Семее скорая помощь села в лужу

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню