354
Бүгін таңертең рейске шыққан №7 автобустың жүргізушісі кенеттен Шернияз көшесінің бойындағы қоршауды түйіп өтіп, жақын жердегі дүкенге кіріп кеткен. Абырой болғанда, автобуста жолаушы болмаған. Ешкім зардап шеккен жоқ. Алдын-ала болжам бойынша қоғамдық көліктің тежегіші істемей қалған. Мән-жайды полиция анықтап жатыр. Бүлінген автобус айыппұл тұрағына әкетілген.