19 шілде күні Ақтөбеде суға батқан 4 адамның денесі шығарылды. Олардың екеуі бір үйдің балалары.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, облыс орталығындағы Өрлеу ауылында суға түсуге тыйым салынған орында бір үйдің 2006 жылғы және 2004 жылғы дүниеге келген екі адамы суға батып кеткені жөнінде ақпарат келіп түскен. Құтқарушылар дронның көмегімен 16 жастағы жасөспірім мен 18 жастағы жігіттің денесін тапты. Олар жағадан 13-15 метр қашықтықта 1,8-2 метр тереңдіктен шығарылған. Сонымен қатар дәл осы күні сағат 20:40-тар шамасында коммуналдық жағажай ауданында суға түсуге арналмаған орында тағы 2 адамның суға батып кеткені жөнінде ақпарат келіп түскен.
«Құтқарушылар оқиға орнына жеткен кезде 19 және 20 жастағы азаматтардың суға батқаны анықталды. Олардың денесі жағадан 40 метр қашықтықта 5 метр тереңдіктен шығарылды»,- деді төтеншеліктер.