466
Полиция департаментінің дерегі бойынша, №7 бағыттағы автобусты жүргізген 52 жастағы ер адамды полиция Рысқұлов көшесінде жол ережесін бұзғаны үшін тоқтатқан. Оның құжаттарын тексерген кезде өзін-өзі ұстауы күдік тудырған. Медициналық куәландыру процедурасы жасалып, жүргізушінің есірткі тұтынғаны анықталды.
Автобус айыптұраққа қойылды. Ал, жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Ол сондай-ақ, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.