364
Прокуратураның хабарлауынша, қаланы сумен қамтамасыз етіп отырған жалғыз компания — «Aqtobe su-energy group» АҚ-ы су және жылу тарату, кәріз суын ағызу бойынша міндеттемелерін орындамаған. Яғни, 892 млн.теңгенің қызметін көрсетпеген. «Былтыр су және кәріз құбырларын жаңарту бойынша бірқатар жоба уақтылы жүзеге аспай қалды. Сол себептен туындаған мәселе бұл», — деп түсінік берді монополист компанияның өкілі.
«Табиғи монополиялар туралы» заңды белінен басқаны үшін «Aqtobe su-energy group» АҚ-ына 9,3 млн теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар, биылғы жылдың бірінші қаңтарынан бастап 1 жыл мерзімге тарифті төмендетуге міндеттеді. Осылайша, тұрғындар жаңа жылдан бері суға 2,16%-ға, кәріз қызметіне 0,37%-ға және жылуға 4,31%-ға аз төлеп жүр.