Ақтауда 3 жасар қызын өлтірген анаға берілген жаза өзгеріссіз қалдырылды

Теги: ,
300

Маңғыстау облыстық сотында 3 жасар қызын өлтірген ананың ісіне қатысты апелляциялық сот отырысы өтті.

Жауыз ана кінәсін мойындады. Қызын өлтіруге ниеті болмағанын, ашу үстінде абайсызда ұрғанын айтқан. Маусым айында алғашқы сатыдағы сот үкімімен келіншек 8 жылға бас бостандығынан айырылу жазасын арқалаған болатын. Бірақ сотталушының адвокаты мен өзі апелляциялық шағым түсірген. Облыстық қылмыстық істер жөніндегі сот алқасында үкім қайта қаралды.

«Апелляциялық алқа бірінші сатыдағы сот үкімінің заңды және негізді шығарылғанын, үкімді өзгертуге, оның күшін жоюға және апелляциялық шағымдардың дәлелдерін қанағаттандыруға негіз жоқтығын анықтады. Сондықтан сот үкімі өзгеріссіз, апелляциялық шағымдар қанағаттандырусыз қалдырылды», — деді Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметіндегілер.

Жаға ұстатарлық оқиға ағымдағы жылдың 4 қаңтарында орын алған. Ақтау қаласының тұрғыны маза бермеген қызына қол жұмсап, итеріп жіберген. Бүлдіршін үстелдің бұрышына ішімен соғылып, балада гематома пайда болады. Бірақ анасы оған мән бермей, бірнеше күннен соң қызының ішінен жұдырықпен тағы ұрған. Үйде жалғыз өзі қалған бүлдіршін түнгі уақытта қайтыс болған.

Предыдущая запись
Шымкентте мүгедектігі бар ер адам мемлекеттің қолдауымен АВТО шеберхана ашты
Следующая запись
Обязано ли государство обеспечивать жильем?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню