367
Ақтауда көпқабатты тұрғын үйдің 11-қабатынан жұмбақ жағдайда секіріп кеткен жігіт мерт болды. Оның не үшін мұндай қадамға барғаны әзірге белгісіз.
102 кезекші пультіне 12 шағынаудандағы №37 үйдің 11-қабатынан ер адамның құлағаны туралы қоңырау түскен.
«Оқиға орнына учаскелік инспекторлар, патрульдік полиция жасақтары, сондай-ақ жедел тергеу тобы барды. Сот-медициналық сараптама тағайындалып, тергеу жұмыстары жүріп жатыр» делінген Маңғыстау облыстық Полиция департаменті берген ақпаратта.