437
19 мамырда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өзін Антикор қызметкері ретінде таныстыра отырып, Ақтау қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларынан коммерциялық объектілерді орналастыру үшін оның атына жер учаскесін ресімдеуді талап еткен 1997 жылғы Нұрбол Каримовті әшкереледі. Күдікті сол күні ұсталып, Ақтау қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қолда бар мәліметтерге сәйкес, Каримов бұрын да осындай қылмыстар жасаған болуы мүмкін — делінген ведомство өкілдері таратқан ақпаратта.