«Apple, Goggle, Meta»: Қазақстанға шетелдік компаниялар қанша салық төлегені белгілі болды

Теги: ,
374

Жыл басынан бері интернетте қызмет көрсететін шетелдік компаниялар, сондай-ақ интернет арқылы жеке тұлғаларға тауарларды сататын шетелдік сауда алаңдары (маркетплейстер) қосылған құн салығы немесе GOOGLE салығын төлеуі керек. Бұл туралы Қаржы министрлігіне қарасты Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

GOOGLE салығын төлейтін шетелдік компания үшін тіркеу талаптары жеңілдетілген. Мәселен, тіркеу есебіне тұру үшін шетелдік компания Мемлекеттік кірістер комитетіне хат жіберсе жеткілікті. Осы арқылы олар шартты тіркеуден өтеді.

Жыл басынан бері 37 шетелдік компания, соның ішінде Apple, Meta, Google, Ebay, Amazon және басқа да көптеген әлемдік компаниялар шартты тіркеуден өтті. 2022 жылдың басынан бастап аталған компаниялар Қазақстанға 6,1 млрд теңге сомасында салық төледі.

Ең ірі салық сомаларын Ирландияның резиденттері болып табылатын «Meta Platforms Ireland Limited» (1,6 млрд теңге) және «Apple Distribution International Limited » (1,1 млрд теңге), сондай-ақ АҚШ резиденті «ООО iHerb» (1,4 млрд теңге) төлеген.

«Салық декларациясын тапсырудың қажеті жоқ, айыппұлдар мен салықтық әкімшілендірудің басқа да күрделі тетіктері жоқ екенін атап өткен жөн. Мұның бәрі тауарлармен электронды сауданы жүзеге асыратын немесе қазақстандық сатып алушының атына электрондық қызметтер көрсететін шетелдік компания үшін Қазақстан Республикасындағы салық міндеттемелерінің орындалуын оңайлату мақсатында жасалды», — деп атап өтті ведомстводан.

Қазақстанға шетелдік қандай компаниялар салық төлегені туралы толық тізімді Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтынана мына сілтеме арқылы өтіп көруге болады

Предыдущая запись
На похоронах королевы ждут сотни тысяч подданных и туристов
Следующая запись
Центр занятости населения Шымкента ежедневно обслуживает более 300 горожан

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню