465
Астанада жасөспірім қыз өз-өзіне қол салды. Оқиға кеше, 2 қараша күні болған. Полиция бөліміне сағат 17.25-те Қуанышбаев көшесінің бойында жасөспірімнің мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.
ІІМ Telegram-каналының жазуынша, тексеру барысында бұл факті расталды. Полиция қызметкерлері оның жеке басын анықтады. Ол 19-шы қабаттан секірген 14 жастағы қыз болып шықты.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.