517
Елордалық жігіт өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, жеңіл жүрісті қыздардан ақша бопсалаған. Күдікті арнайы операция кезінде ұсталды.
Polisia.kz жазуынша, 23 жастағы жігіттің интимдік қызмет көрсететін қыздардан ақшаны қорқытып алғаны анықталған. Ол қыздардың пәтеріне келіп, оларды қылмыстық жауапкершілікке тартамын деп ақша талап еткен. Тіпті полиция қызметкерінің жалған қызметтік куәлігін де көрсеткен. Жас жігіт қаладағы пәтерлердің бірінде жәбірленушіден 20 мың теңге алып жатқан кезде ұсталды.
Жеке тінту кезінде одан полиция қызметкерінің куәлігі мен ақша тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.