399
Елордада 18 жасар жігіт суицид жасады. Оқиға кеше, 31 қазан күні «Есіл» ауданында болған. Аудандық полиция басқармасына Қабанбай батыр даңғылы бойынан сағат 19.30 шамасында белгісіз ер адамның мәйіті табылғаны туралы шақыру келіп түскен.
«Тексеру барысында аталған факті расталды. Полиция қызметкерлері ер адамның жеке басын анықтады. Ол 24-қабаттан секірген 18 жастағы елорда тұрғыны болып шықты. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды» деп атап өтті ІІМ баспасөз қызметіндегілер.