Атырау: 38 жастағы келіншектің өліміне қатысты қылмыстық іс әлі тергеліп жатыр

Теги: ,
375

Гүлдана Хинатулланың туыстары келіншектің өліміне дәрігерлер кінәлі,- деп отыр. Қайғылы оқиға биыл қаңтар айында болған еді. Төртінші перзентіне айы-күні жет кен ол модульді ауруханаға түседі. Өйткені «Короновирусты инфекция» диагнозымен ПТР нәтижесі оң мәнді, әрі қағанақ суының ерте кетуі, ішінің төменгі бөлігі ауырсынуы шағымдары болған.

Сол күні кешкі жеңілденіп, баласын қолына алған. Алайда, түнде науқас жағдайы нашарлап, кезекші дәрігер қажетті ем тағайындайды. Бірақ жағдайы жақсармаған соң жансақтау бөлімшесіне ауыстырылды.

Ақ халаттылар барлық медициналық көмек көрсеттік,- деп отыр. «Республикалық ситуациялық орталық дәрігерлерімен консилиум ұйымдастырылды. Нәтижесінде науқасқа «Іштің жабық жарақаты, ұйқы безінің зақымдануы» диагнозы қойылып, емдеу хаттамасына сай көмек көрсетіліп, ота жасалды»,- деді 2 облыстық аурухана бас дәрігерінің міндетін атқарушы Надя Ергалиева.

Қазір полицейлер ҚК «Абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан медицина қызметкерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы» бабымен істі тергеп жатыр. Кешенді сот-дәрігерлік сараптамасы Ақтөбе облысы бойынша сот сараптамалары институтына тағайындалды. Полицейлер сараптама қорытындысы бойынша тиесті процессуалдық шешім қабылданады,- дейді.

Марқұм Гүлдана Хинатулланың ата-анасы қайғыдан әлі күнге бас көтере алмай жүр. «Қызым босанар кезде ішін қатты басқаны сонша, көкбауыры жарылып кеткен. Оның ұйқы безі де жарылған. Адамның барлық мүшесі бір-бірімен байланысты ғой. Олар қанның қайдан шыққанын білмеген. Дәрігерлер бәрін түсінген кезде, кеш қалып, қызым қайтыс болды, — деп зар жылады марқұмның анасы Светлана САРӨЗЕНОВА.

Предыдущая запись
$671 тысячу наличными пытались вывезти из страны
Следующая запись
П​резидент Беларуси Александр Лукашенко неожиданно для себя стал лицом антивозрастных кремов «Превентивный удар»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню