Атырау қаласы тұрғындары халыққа қызмет көрсету орталығын көшіруді талап етті

Теги: ,
382

Авангард ықшам ауданындағы 23 «А» және «Б» үйі тұрғындарынан соңғы екі айдан бері маза қашқан. Төменгі қабатта орналасқан халыққа қызмет көрсету орталығына келушілер үйдің маңын дәретханаға айналдырды,- дейді тұрғындар. Олар таңнан кешке дейін жүретін мигранттардың айқай-шуынан балалаларды далаға шығармақ түгілі, терезе ашудан қорқып қалғанын айтты.

«Дәретхана жоқ, ана жерге, мына жерге дәрет сындырады. Түкіреді, қақырады. Ол жерге біздің баламыз барып ойнайды. Бөтен адамдар ғой бізге. Баламызды далаға шығара алмаймыз. Адам жұмыс істемей, балаларды бағып отырмайды ғой. Жер-жерге тамақ ішіп, қалдықтарын тастап жүре береді. Әбден шаршадық. Екі-үш айдан бері өзіміздің үйімізді өзіміз билей алмай отырмыз. Көшірсін басқа жерге,- деді Маржан Қапезова.

Ал Бибігүл Әділова «балалардың қауіпсіздігі үшін қатты алаңдаймын»,- дейді.

-«Миграциялық орталық үйлердің ортасында, мектеп, балабақшаның жанында болмауы керек. Орталықтың алдында емес, подъез жақ бетінде де жүздеген адам топтасып тұрады. Мүмкін олар жақсы адамдар шығар. Бірақ әр күн сайын педафил туралы түрлі ақпаратты естіп жатқандықтан үрей көп. Бізге балалардың қауіпсіздігі маңызды. Тіпті үй маңына көлігімізді қоя алмаймыз. Екі-үш шетелдіктің бір қожайыны бар. Жақында әкіммен жиналыс болған кезде, «6 күн үшінде басқа жерге көшіремін»,- деп уәде берген еді. Ол кісі қайда қазір? Уәде берді де кетті. Бірақ орындалған жоқ».

Мигранттар тіпті тұрғындардың ескертуіне құлақ аспай, есік алдына жуынуды шығарыпты. Роза Шамарова оларға бірнеше рет ескерткен. Бірақ басқа амалымыз жоқ,- деп жуынуын жалғастыра беріпті.

«Машиналарын ашып алып тырнақтарын алады, қырынады, жуынады, шайынады, жеген тамақтарының қалдықтарын әрбір жерге лақтырып тастайды. Балаларымызды шығара алмаймыз, ойнауға жіберейін десек, қорқамыз. Кім қайдан келіп жатқанын білейміз ғой. Толық антисанитария.Тіпті подъездің ішіне бірнеше рет дәрет сындырып кетті. – дейді ол.

Ал орталыққа келушілер ғимаратта ешқандай жағдай жасалмағанын айтады. Таңнан кешке дейін сабылып күтіп, кезегі келмеген соң 2-3 күннен бері осы жерді айналшықтап жүргендер де бар екен. Халыққа қызмет көрсету орталығындағылардың айтуынша, шекара ашылған сәуір айынан бастап, шетелдіктердің нөпірі қалың. Мұнда Өзбекстан, Тәжікстан мен Әзербайжаннан жұмыс іздеп келгендер тіркеледі. Бұрын күніне 300-ден аспайтын адамға қызмет көрсетсе, қазір бір мыңнан астам мигрантқа құжат беретінін айтты.

«Ғимарат іші тар. Күту залы осы жерде. Бізге тұрғындар келіп, шағымданған еді. Біздер оны басшылыққа ескерттік. Жалпы көшіру жоспарда бар. Бірақ қашан екенін нақты айта алмаймын,» — деді Халыққа қызмет көрсету орталығының көші-қон бөлімі басшысы Ернияз Есетов.

Предыдущая запись
Вечер памяти Ескендира Хасангалиева прошел в Нур-Султане
Следующая запись
Атыраулықтар қазақтың тұңғыш ұшқыш қызы Хиуаз Доспанованың ескерткішін жоғалтып алды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню