358
Жанкүйерлер арасында қақтығыс Атырау-Ақтөбе футбол құрамаларының ойыны басталар алдында болған. Жаппай төбелес бейнежазбасы әлеуметтік желіге тарап кетті. Стадион алдындағы келеңсіз жағдай 19 -маусым күні сағат 17:55 шамасында тіркелген. Онда жанкүйерлер түрлі-түсті дыбысты түтін шығаратындар мен дыбыстық петардаталар қолданған. Абырой болғанда жарақат алғандар жоқ. Полиция қызметкерлері қоғамдық орында құқық бұзушылыққа жол берген 30 азаматты Атырау қалалық полиция басқармасына жеткізгенін хабарлады. Тиісті іс-құжаттар жинақталуда. Полицейлер сондай-ақ әлеуметтік желідегі қару қолданылған деп таралған ақпараттың жалған екендігін айтты.
Айта кетейік, матчта Атырау Ақтөбе командасынан 0:2 есебімен жеңіліп қалды.