834
Қазір бүлдіршін облыстық балалар ауруханасының жан сақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер «мидың ауыр дәрежелі контузиясы, бас сүйегінің көптеген фрагменттік сынықтары, қабырға астының, маңдай сүйектерінің оң жақтағы орбитаның төбесіне өтуімен депрессиялық ұсақталған сынуы»диагнозын қойды.
«Сәбидің жағдайы ауыр. Бала өкпенің жасанды желдету аппаратына қосылған»,-деді балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Орындық Жұбанқызы.
Оқиға 16-мамыр күні Нұрсая мөлтекауданында орын алды. Сәби ата-анасымен туысының үйінде қонақта болған.