334
20 сәуірден бастап «Атырау-Астрахань» пойызы жолаушыларды тасымалдай бастайды. Бұл туралы «Қазақстан Темір Жолы» баспасөз қызметі хабарлады.
ҚТЖ Қазақстанға кіру үшін вакцина салдырмаған жолаушылар теріс нәтижелі ПТР-анықтама көрсетуі керек екенін айтты. Анықтама мерзімі 72 сағаттан аспауы керек. Вакцинацияның толық курсынан немесе ревакцинациядан өткенін растайтын паспорт болған жағдайда, анықтама қажет емес.
Егер жолаушыда ПТР-анықтама немесе вакцина паспорты болмаса, онда ол вагонға кіргізілмейді.
Пойыз күнара: Атыраудан 20 сәуірден бастап жұп күндері, ал Астраханнан 21 сәуірден бастап тақ күндері аттанады.