Атырау облыстық перинаталдық орталығында сәбиді құлатып алды

Теги: ,
398

Бұл туралы қала тұрғыны Әнуар Жұмабай Фейзбук әлеуметтік желісінде жазды. Айтуынша, әйелінің сіңлісі орталықта босанған. Екі күннен соң өзге жас аналарамен бірге рентгенге түсіруге шақырған. Палатадағы төрт әйелдің үшеуі ренгенге кетіп, әлі өзі-өзіне келіп үлгермеген жас ана балалардың бәріне қарап қалыпты. Қатты жылаған соң Әнуардың жиенін әлгі келіншек қолына алып, жұбатпақ болады. Көнбеген соң медбикені шақырды. Бірақ ешкім келмейді. Бір кезде әйел әлсіреп, баланы жерге түсіріп алады. Бақылау камерасында балаға медбике емес, санитар қызметкер келгені көрініп тұр.

«Біз полициямен келгенше екі сағат бойы балаға көмек көрсетілмеді, жансақтау бөліміне жатқызылмады, баланы тексермеді. Қызметкерлер ештеңе болмағандай түр танытты. Бәрі түк түсінбегендей «не болды?» деп кері сұрақ қойды. Кеше УЗИ, КТ аппараттарға түсіріп, жағдайы жақсы деді. Ал бүгін нәрестенің жағдайы нашарлады деп хабарлады. Сәбидің отбасы қатты алаңдап отыр,- деп жазды Әнуар Жұмабай.

Жағдайға байланысты облыстық перанаталдық орталық та, денсаулық сақтау басқармасы да баланың денсаулығы туралы мәлімдеме жасаған жоқ.

Предыдущая запись
Около 6 тыс. камер видеонаблюдения установят в тюрьмах Карагандинской области
Следующая запись
Kazakhstan Fashion Week: мода становится экологичнее

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню