379
Доссор-Құлсары-Бейнеу тас жолының 18- шақырымы — ең авариялық учаске саналды. Жыл басынан бері бұл аумақта 20 шақты көлік апаты орын алған. Бұл туралы Атырау облыстық полиция департаменті хабарлады.
Биылғы жылдың 3 айында облыста 79 ЖКО тіркелді: 25 адам қаза тауып, 98 жарақат алды. Оның ішінде 32 жол-көлік оқиғасы шетелдік тіркеудегі көліктің қатысуымен болған. 13 адам қаза тауып, 38 адам түрлі дене жарақытымен медициналық көмекке жүгініпті. Жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері: елді мекендегі қозғалыс жылдамдығының бұзылуы және қарсы бағытқа шығу.