Атыраулық балықшылар маусымдық лимитті орындаудың мұңға айналғанын айтады. «Су жоқ. Соның кесірінен кесірінен балықтардың да көзі азайып бара жатыр. Қазір салыстырғанда, балық шамалы, көп емес. 50 келі шығады, кейде тіпті 20 келі шығады бір ау тартқанда. Бұрын бір тонна, 500 келі шығатын еді. Қазір 10 есеге азайып кетті»,- дейді балықшы Жақсылық Өтепов.
Қазір аймақтың брендіне айналған бағалы бекіре балығы да сиреп кеткен. Бекіре шабағын өсіретін Жайық-Атырау бекіре зауытының балықшылары маусым басталғалы 3-4 данасын ғана аулаған.
Балық шаруашылығы басшылары аймақта балық бағасының қымбаттап кеткенін мойындайды. Балық аз болғандықтан құны 40 пайызға артқан.
Қазір Жайық-Каспий су айдынындағы бағалы балықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Бекіре-2022» балық қорғау акциясы жүріп жатыр.