370
Қызылқоға ауылы тұрғыны мас күйінде ағасының үйіне келіп, жеңгесімен жанжалдасып қалады. Жеңгесі үйінен қуып шыққан соң ер адам кек алу үшін ағасының қорасындағы ешкіні ұрлап кетіп, сойып алған.
Сот барысында ер адам кінәсін толық мойындап, болған іске өкінетінін айтқан. Оның туыстары да жігіттің әрекетін кешіріп, соттан оған жеңіл жаза тағайындауды сұрады.
Қызылқоға аудандық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, ер адам кінәлі деп танылып, 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.