322
Биыл 4 айда аталған инфекция 27 адамнан анықталған. Олардың 25-і Қазақстан Республикасының азаматы, 2-і шетелдік. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 15 жағдайға артық.
Инфекция бірнеше жолмен таралған. Мәселен 3 адам инекциялық есірткі тұтыну кезінде, 14 адам жыныстық қатынасы кезінде, ал 5 адам гомосексуалды қатынас және медициналық емес манипуляция кезінде жұқтырған. Ал тағы 3 адамның инфекцияны қалай жұқтырғаны белгісіз.
Атырау облыстық ЖИТС пен күрес және алдын алу орталығының баспасөз қызметінің мәліметінше, аймақта АИТВ инфекциясын жұқтырған 299 адам есепте тұр. 57 вирус жұқтырушы ЖИТС-тен көз жұмған.