787
Қызылқоға ауданының Сағыз ауылы ішімен өтетін Ноғайты өзенінің арнасынан шығып, жиырмадан астам үйді су басу қауіпі туындаған еді. 3 метрге дейін көтерілген өзеннің асау арыны қазір қайтты.
Тұрғындардың айтуынша, Ноғайты өзенінің мұндай тасуы бұрын-соңды болмаған. Биыл ақпан айынан бастап осымен үшінші рет тасуда.
Қауіпсіздік үшін эвакуацияланған тұрғындар үйлеріне оралды. Жергілікті әкімдіктің мәліметінше, ешқандай үй мен қора суға кеткен жоқ.
Қауіпсіздік жұмыстарына 20-ға жуық техника, әкімдік қызметкерлері, ауыл тұрғындары, өзге де мекеме өкілдері мен еріктілер барлығы 200-ден аса адам жұмылдырылды. Олар су басуы мүмкін деген жерлерге арнайы құм салынған қаптар мен топырақтарды толтырып бөгеттер тұрғызды.