Атырау облысында «Жусан» операциясымен елге оралған 24 келіншектің 18-і бостандықта

Теги: ,
414

Жазасын өтеп шыққан соң қоғамның түрлі саласында еңбек етіп жүр. Кейбірі студент, кейбірі медбике, тігінші, массажист. Шетел компаниясында есепші боп еңбек етіп жүргендер, өз кәсібін ашып, аяққа тұрғандар да бар. 3 келіншек ақпараттық-түсіндіру тобымен бірге, жастарды теріс ағым жетегіне еріп кетпеуін түсіндіріп жүр.

Атырау облысы дін басқармасының басшысы Қайролла Көшқалиевтың айтуынша, 2019 жылы «Жусан» гуманитарлық операциясы аясында облысқа Сирия аумағынан 6 ер адам, 24әйел, 75 бала оралды.

«24-тің алтауы түзету мекемелерінде отыр. Төртеуі Атырау қаласында, екеуі Өскемен қаласында. Бұлардың бейімдеу жұмыстары қатты қиынға соққан жоқ. Өйткені олар өмір көріп келгендер. Сирия аумағы әлемдегі жәннат деп, «мұсылман елі» деп , өз дін исламымызды еркін ұстаймыз деп кеткендер. Ана жаққа барғанда мүлдем басқа жағдайға түсіп қалды. Ол жерде жалған халифат болып шықты, ол жерде діндерін еркін біздің Қазақстан еліміздегідей ұстайтындай болған жоқ. Қорқыныш, үрейде жүрді, жарылыста біреулер күйеулерінен айырылды. Балаларын өз қолдарымен о дүниеге жөнелткендер бар. Олар өздерінің көргендерімен біздің жұмысымызды жеңілдетті. Қыздарымыз қазір жаман емес. Қазақстандық құндылықтарымызға бейімделген категорияларымыз бар. Кейбір қыздарымыз үй жайлы болды. Бізбен қарым-қатынастары өте тығыз. 2-3 қызымыз ақпараттық түсіндіру тобының арасында. Бір қызымыз «Шапағат» қорының маманы болып жүр қазіргі таңда. Олардың мақсаты жастарды теріс ағымнан алып қалу»,- деді Қайролла Көшқалиев.

Вероника БЕЛОВА — «Жусан» операциясымен елге оралғандардың бірі. 3 жыл түрмеде отырған кезде, балалары бөбектер үйінде тәрбиеленген.

«Балаларымды қолымнан алып кеткен кезде қатты қиналдым. Кіші қызым 7 айлық еді. Менің қателігімнен балаларым зардап шекті. Қазір балаларым қолымда. Қазақтың салт-дәстүрімен тәрбиелеп жатырмын. Дінді араластырмаймын. Өскен соң өздері таңдайды. Мен Сирияға барған кезде қателескенімізді түсіндім. Қазір жолдасым Өскемен қаласында отыр. Жастармен кездескен кезде оларға менің өмірім қызық. Мен олар менің осы өмірімнен сабақ алса екен деп, ақпараттық-талдау тобында мүше боп жүрмін.Теолог мамандармен бірге шын жүрегімнен көмектессем деймін. Өйткені мен Сирияға кеткенде ешбір діни білімім болмады. Күйеуімнің айтқанымен ғана жүрдім. Жастар ақ пен қараны айырса екен »,- дейді Вероника Белова.

Қазір әлі темір тордың ар жағында отырған келіншектер бар. Олардың бабы — ауыр. Кәмелетке толмаған баласын террористік ұйымдарға қосқан.

Предыдущая запись
​Наш Левитан
Следующая запись
ОРАЛ: 626 млрд теңгені жымқырғаны үшін айыпталған шенеунікке ақын Ақұштап Бақтыгереева ара түсті

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню