Атырау облысында жылқы қырылып жатыр

Теги: ,
515

Құрманғазы ауданының шаруалары мен жеке адамдары кеселдің емін таппай сандалуда. Тұрғңғындар жайылымда арам өлген малын тауып алып жатыр. Айтуларынша, жылқы артқы екі аяғынан шойырылып, дем жетпейді екен. Мал өлексесі әсіресе, Хамит каналы маңында көп. Аудандағы қамбар ата төлінің көбі сол маңда жайылады. Жергілікті халық 2 шақырымдай каналдың бойында 45 ке жуық үйір жүргенін айтады. Қазір мал дәрігерлері белгісіз кеселге тап болған түлікті емдеуге кіріскен.

«Мал жалпы әлсіз. Артқы екі аяғынан шойырылады. Сосын тұрып тұрып құлайды. Аузын ашады. Демала алмайды. Сойып қараған кезде жүректері, өкпелері ісіп кеткен. Қаны ұйымайды. Негізгі белгілері бойынша қан ауруларына жатады» , — деді Құрманғазы ауданы ветеринариялық станцияның басшысы Асланбек Бірғалиев. Қазір 27 жылқы ветеринарлардың бақылауында. Ал қанша мал өлгені әзірге белгісіз. Мамандар комиссия құрылып, есептеген соң ғана айтамыз деп отыр.

Предыдущая запись
Шымкент: көпшіліктің көз алдында болған кісі өліміне қызғаныш себеп болуы мүмкін
Следующая запись
Атырау облысы: Қиғаш құрып барады

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню