Атырау тұрғындары «Вираж» автосалонынан көліктерін ала алмай жүр.

Теги: ,
409

Алты айдан бері әбден сабылғандар 10 пайыз бен 70 пайыз аралығында алғашқы жарнасын төлеп қойған. Ол үшін кейбірі несие алса, көпшілігі ескі көліктерін сатыпты.

Салон қызметкерлері «ГАЗель» автокөлігін сатып алуға жасаған келісім шартты орындаудың орнына, «ешқандай шағымымыз жоқ»,- деп арыз жазып, ақшаларын қайтарып алуды ұсыныпты. Тұрғындар болса, қаржыны қайтарып алған күннің өзінде жаңа түгілі, ескісін алуға жетпейді, — дейді. Олар келіп тұрған көліктерді беруді сұрап, салонға келді. Бірақ жауап беретін жан табылмады.

Көлік салоныны бас директорының айтуынша, келісім шартты утилизациялық алымға байланысты орындай алмай отыр. «Жасыл даму» мекемесі әлі күнге дейін утилизациялық алымның мөлшерін белгілеген жоқ. Екі айдан бері созып келеді. Сондықтан біз автокөліктерді есепке қоя алмай отырмыз. «Жасыл даму» құрылған кезде оған жаңа адамдар келді. Оларда тәжірибе де , арнайы бағдарлама да болған жоқ. Бірнеше басшы ауысты. Мекеме Экология министрлігіне қарайды. Олар да өз тарапынан ешқандай қадам жасамай отыр. Біз тұтынушылардың ақшасын ұзақ уақыт ұстап отыра алмаймыз,- деді Владимир Котельников.

Алайда «Жасыл дамудағылар» болса, мұнымен келіспейді. Олар кәсіпкердің бұл сөзі сылтаумен уақыт оздырып, халықты пайдаланып отыру деп санайды. Автосалонның утилизациялық алым төлеуіне сатып алушылардың ешбір байланысы жоқтығын айтты. Сондықтан тұрғындарға құзырлы органдарға шағымдануға кеңес берді.

Предыдущая запись
Динара Сатжан в поисках молодых и талантливых дизайнеров
Следующая запись
Атырау: дүлей дауыл жолындағының бәрін жайпап жатыр

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню