429
Атырау қаласында алабай ит ер кісіні талап тастады. Оқиға Балауса шағынауданында бүгін, 19 қыркүйекте сағат 1.40-тар шамасында болған. Қабаған ит алаңсыз тұрған ер азаматқа тап берген. Оның айқайлаған дауысын естіген кездейсоқ тұрғындар жедел жәрдем қызметін шақырған.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ер кісі қазір ауруханада жатыр. Оның аяғы мен қолының көптеген жарақаты бар. Қазіргі таңда дәрігерлердің бақылауында.