Сондай-ақ жүк тасымалымен айналысатын тұлғалардан республикалық маңызы бар жолдарда кедергісіз жүру, әкімшілік жауапкершілікке тартпау және жалпы қамқоршылыққа алу дерегімен Атырау облыстық көлік бақылау Инспекциясының лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Олар барлығы 10 млн. тенгеден асатын соммада бірнеше рет пара алды деген күдікке ілінген. Тергеу сотының санкциясымен күдіктілер үй қамаққа алынды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті биыл үш айда 65 қылмыстық істі қарады. Оның 15 аяқталып, 8 сотқа жолданды. Тергеу барысында келтірілген залалдың 20,2 млн.тенгесі өндірілді.8 тұлға сот шешімімен сотталды.
Департаментпен соңғы 3 жылда сыбайлас жемқорлыққа құқықбұзушылық туралы хабарлаған 19 тұлға 3млн. тенгеден жоғары көлемде сыйақымен көтермеленді.