Өйткені білім беру ұйымдарында ыстық тамаққа төленетін төлем өсті.
« Азық-түлік бағасының қымбаттауына байланысты балабақшаларда берілетін бір жолғы ыстық тамақтың төлем сомасын көтеру туралы қаулы қабылданды. 3 жасқа дейінгі балалар үшін бұл сома 402 теңгеден 627 теңгеге, 3 жастан 7 жасқа дейінгі балалар үшін 473 теңгеден 783 теңгеге дейін өседі», — деді Атырау облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айнагүл Дүйсекенова.
Дүйсекенованың айтуынша, мектептердегі балалардың бір жолғы ыстық тамағының құнына қатысты тарифтер жаңа оқу жылының басында қайта қаралады.
Айта кетейік, Атырау облысы — республикадағы бастауыш сынып оқушыларына сабақ уақытында ыстық тамақпен 100% қамтамасыз ететін төрт өңірдің бірі. Бұған дейін бабаларды тамақтандырумен айналысатын кәсіпкерлер тарифтің тым арзан екеніне шағымданып, нарықтық бағаға сәйкестендіру туралы ұсыныс айтып келген еді.