990
ҚР ЭГТРМ Балық шаруашылығы комитетінің баспасөз қызметі осылай деп хабарлады.
Атырау қаласының шетінде орналасқан «Безымянный» көлінде балық өліп жатқандығы туралы ақпарат келісімен тиісті мамандар аталған жерге барды. Экологтар судан сынама алды. Қаракөз балығының 65 келі өлі шабағы жиналды,- балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлы.
Қазіргі таңда балықтар уылдырық шашу орнына еркін кіру мақсатында, Қайыршақты округі әкімдігі тарапынан 800 метр канал қазылды. Тереңдігі шамамен 1 метр. Мамандар мен еріктілер балықтарды құтқаруда. Сонымен қатар мамандар өлген балықтарды жинап, санитарлық талаптарға сәйкес олар көму жолымен жойылады. Тірі балықтар сүзіліп, Жайық өзеніне жіберіледі.