426
«Батамен ел көгерер» атты додада қала маңындағы ауылдық округтерден 8 ақсақал бақ сынады. Аймақта бұл сайыс жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып жүр. Батагөйлер күнделікті дастархан басында, той-домалаққа айтатын ізгі баталармен бірге тарихта аттары қалған тұлғалардың баталарын да айтты. Сайыстың мақсаты – батагөй ақсақалдарды дәріптеу арқылы, қасиетті сөзді жастардың құлағына сіңіру. Бата беру дәстүрін жаңғырту,-» дейді ұйымдастырушылар. Сайыста Дамбы ауылының тұрғыны Дендербай Жарылғасынов үздік атанды.