387
Олар мүмкіндігі шектеулі жандарға мүгедектікті растайтын құжатты кедергісіз ұзарту үшін 30мың мен 70 мың теңге аралығында пара алды деген күдікке ілініп отыр. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментінің директоры мен бөлім басшысына қатысты істі ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті тергеп жатыр. Олардың қанша уақыт бойы пара алып келгені белгісіз. Ведомство тергеуге байланысты өзге ақпаратты жарияламай отыр.