355
Атырау облысы полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасын өткізу барысында 1993 жылы туған деструктивті діни ағым өкілін анықтап, тұрғылықты мекен-жайында тінту жүргізу кезінде 9 мм «МР-79» калибрлі травматикалық тапаншасы, 14 дана патрондарын тәркіледі. Одан бөлек Қазақстан аумағында таратуға тиым салынған мағлұматтар бар 5 дана флеш карта мен 17 дана діни кітаптар алынды.
Күдікті ҚПК-тің 128-бабының негізінде уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған дерек бойынша Атырау қаласының №2 Полиция бөлімімен ҚК-тің 287-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды,-деп хабарлады Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.