402
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қаладағы 10- нан астам жеке тұрғын үй мен 15 аула аумағы, 25 көше жауын суына толды. Су деңгейі 15 см.-ден асқан.
300 текше метрден астам су сорылған. Аймақта арнайы штаб құрылды.
Үйін су басқан тұрғындар не істерін білмей дал. Үйлерінде резеңке аяқ киіммен ғана жүрген Әлия Молдағұлова көшесінің тұрғыны Жанайша Сағындықова үйде іліп алар ештеңе қалмады дейді. Балалар мен құжаттарды туыстарына апарып тастаған. Насосты жалға алып, суды шығарып жүр.