410
Дамба ауылынан 5 шақырым қашықтықта орналасқан «Ақ Жайық» мемлекеттік табиғи резерватының 9 гектарында қамыс өртенді. Өрт түнде басталып, таңертең өшірілді. Төтеншеліктер тілсіз жаумен 8 сағатқа жуық күресті. Оларға жедел құтқару жасағы мен Солтүстік Каспий экологиялық шұғыл әрекет ету базасы қызметкерлері көмекке келді. Өрттің неден басталғаны әзірге белгісіз.