302
Мечников көпірінде ер адам көлігінен түсіп, қара түсті қоқыс салатын қапты суға лақтырып жіберген. Оның бұл әрекеті Атырау қаласы полиция басқармасының жедел басқару орталығының бейнебақылау камерасына түсіп қалды.
Тәртіп сақшылары аталған азаматты дереу анықтап, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің «Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау» бабымен әкімшілік хаттама жасақтады.
45 жастағы қала тұрғыны қоқыс қабына садақадан шыққан сүйек қалдықтарын салғанын айтады. Оған 15 315 теңге көлемінде айыппұл салынды.