«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры алаяқтық фактілері көбейіп жатқанын ескертеді. Олардың мәліметінше, алаяқтар ел тұрғындарына өздерін қордың өкілі ретінде таныстырып, халықты әбігерге салып отыр екен.
Осылайша олар азаматтарға жәрдемақы ұсынып, «Қазақстан халқына» қорына жүгінгендер материалдық төлемге ие бола алатынын айтып сенімдеріне кіріп отырған көрінеді. Ал төлемді «алу» үшін алаяқтар абоненттерден 1414 қысқа нөмірінен SMS-хабарламада жіберілген кодты жазуды, содан кейін «Қазпошта» АҚ арқылы ақша алуды сұрайды екен.
«Қор «Қазпочта» АҚ арқылы қолма-қол ақшалай төлемдерді тағайындамайды және біздің қызметкерлер ешбір жағдайда SMS-код сұрамайды. Алаяқтармен ешқандай ақпаратпен бөліспеңіз және 1414 нөмірінен алынған кодтарды үшінші тұлғаларға бермеңіз. Сондай-ақ, қор мессенджер арқылы бейне-аудиоқоңыраулар жасамайды. Барлық өтінімдер тек qazaqstanhalqyna.kz (сайтқа сілтеме профильде орналасқан) және атаmekenim.kz қайырымдылық ұйымдарының сайттарында бірыңғай реестр арқылы қабылданады. Мұнда қолданушы өз өтініші жайлы толық ақпарат ала алады. «Қазақстан халқына» қоры қаржылық көмек көрсетпейді. Біз азаматтардың өсек-аяңға сенбеуін және алаяқ ұйымдардың арандатушылықтарына бой алдырмауын сұраймыз» делінген ресми мәліметте.