Қазақстанда такси қызметі 10,5% қымбаттаған

Теги: ,
442

2022 жылдың қаңтар–шілде аралығында Қазақстанда такси қызметін көрсететін компаниялардың кірісі 2,59 млрд теңгені құрады. Ал бір жыл бұрын 2,45 млрд теңге болған еді. Өңірлер арасында такси қызметіне Қарағанды облысы жиі жүгінген (1,08 млрд теңге). Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан (641,4 млн теңге) мен Алматы (431,2 млн теңге) тұрғындары такси қызметін жиі пайдаланған. Бұл туралы energyprom.kz сарапшылары анықтаған.

Жыл басынан бері такси қызметін 1,3 млрд жолаушы пайдаланған. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 10,9%ға артық. Тек шілде айында 185,6 млн адам такси қызметіне жүгінген.

Шілденің қорытындысы бойынша, елімізде такси қызметінің бағасы бір жылда 10,5% қымбаттаған. Өңірлер арасында такси құны Түркістан облысында 28,2%%-ға, Алматы облысында 28,1%%-ға, Атырау облысында 19%%-ға өскен. Ал Ақмола облысында баға небәрі 0,5%-ға көтерілген. Ақтөбе мен Қарағанды облыстары да такси құны аса қымбаттай қоймаған өңірлер үштігінде.

Дегенмен, Қазақстан такси қызметтерінің арзандығы бойынша 105 елдің ішінде 13-орыннан көрінді. Елімізде 1 км үшін стандартты тариф 0,35 АҚШ долларын құрайды. Ал ТМД бойынша Қазақстан тариф құны ең қымбат елдердің қатарында. Бұл көрсеткіш бойынша алда тек Әзербайжан тұр. Мұнда стандартты такси тарифі (1 км) – 0,59 доллар. Беларусь пен Өзбекстанда такси тарифі 0,2 доллар, Украина мен Молдовада 0,22 доллар, Арменияда 0,25 доллар, Ресей Федерациясында 0,3 доллар.

Ең арзан такси Пәкістанда (0,19 доллар) тұрады, ең қымбат — Швейцарияда (4,02 доллар), Кувейт (3,25 доллар) және Сальвадорда (3 доллар).

Предыдущая запись
Үшінші мегаполисте 101 мектеп салынады
Следующая запись
Почему в мирном Казахстане продолжают умирать военнослужащие

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню