Қазақстандағы ойыншықтардың 47% қауіпсіздік талаптарына сай келмейді

Теги: ,
464

Елімізде тексерілген балалар ойыншықтарының 47% қауіпсіздіктік талаптарына сай болмай шықты.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті балалар ойыншықтарының 1499 үлгісін зерттеді. Тексеру нәтижесінде 706-сыі «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» талаптарға сәйкес келмеді, бұл 47,1% — ды құрады. Оның ішінде, отандық — 9 (1,3%), ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде жасалынғаны — 59 (8,4%), басқа елдерден импортталғаны — 638 (90,3%).

Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіндегілер мәлімдеді.

Кемшіліктердің негізгі бөлігі таңбалау талаптарын бұзуға келетін-97,6%, органолептикалық көрсеткіштер бойынша -3,3%. Санитариялық-химиялық бойынша 23 үлгіде қауіпсіздік көрсеткіштерінің асып кетуі анықталыпты.

«Анықталған заң бұзушылықтардың барлық фактілері бойынша кәсіпкерлік субъектілеріне оны жою тәртібін міндетті түрде түсіндіре отырып, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді. 21,5 кг ойыншық сауда кәсіпорындарында сатудан алынды. Себебі сатуға қойылған өнім оның қауіпсіздігін растайтын құжаттарсыз сатылған. Кейбір ойыншықтар үшін Қырғыз және Ресей сертификаттау органдары берген сәйкестік сертификаттары ұсынылған болып шықты. Бұл сертификаттарының қолданылуын тоқтату үшін еліміздің Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетіне 2 материал жіберілді»,-деді комитеттегілер.

Предыдущая запись
Қаңтар оқиғасы бойынша қамауда отырған депутат Қайрат Құдайберген мандатынан айырылды
Следующая запись
Блогер-бизнесмен лишился депутатской неприкосновенности

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню