Одан да сорақысы, апат кезінде қаза тапқан балалар мен жасөспірімдердің саны бірден 27%-ға өскен, деп хабарлайды Elitar.kz Finprom сайтына сілтеме жасап.
Биылғы қаңтар-шілде айларында республикада 7,9 мың жол-көлік оқиғасы тіркелді, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 9,5% артық. Көбіне жазатайым оқиғалар Алматыда болды: 2,2 мың ЖКО, былтырғыдан 8,1% көп. Одан кейін Алматы облысы (1,2 мың ЖКО, 5,9% азайған) және Жамбыл облысы (853 ЖКО, 48,1% көбейген) орналасқан.
Ең аз ЖКО Батыс Қазақстан облысында болды: 164 жағдай, 1,2%-ға артқан. Биыл ЖКО санының артуы 12 облыста тіркелсе, Шымкентте оның саны бұрынғы қалпында қалған, қалғандарында төмендеу фактісі тіркелген. Ескерту: жаңадан құрылған үш аймақ бойынша деректер әзірге ұсынылған жоқ.
2022 жылғы қаңтар–шілдеде ЖКО салдарынан 11,6 мың адам зардап шеккен, бұл өткен жылғыдан 9,8%-ға артық. Олардың ішінде жараланғандар саны 9%-ға өсіп, 10,4 мың адамға жеткен, олардың 5,8 мыңы — ерлер, 4,6 мыңы — әйелдер. Жараланғандардың 2,2 мыңы кәмелетке толмағандар, бұл 2021 жылғы қаңтар–шілдемен салыстырғанда бірден 19,5%-ға артық. 5 мың адам ауруханаға жатқызылған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 18% жоғары.
Жыл басынан бері жол апатынан 1,2 мың адам қаза тапты, бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 17,4%-ға артық. Қайтыс болғандардың арасында 874 ер адам және 320 әйел адам бар. 113 жол-көлік оқиғасының құрбаны — кәмелетке толмағандар, бұл 2021 жылдың қаңтар–шілде айларымен салыстырғанда 27%-ға көп.
Өңірлер бойынша жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккендердің ең көп саны Алматы (2,6 мың), Алматы облысы (2 мың) мен Жамбыл (1,5 мың) облыстарында тіркелген.
Үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша, ҚР-да белгіленген жылдамдықты асырғаны үшін 1,1 млн адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,3% артық.
Сонымен қатар, қазақстандықтар жол белгілерінде немесе жол сызбаларында белгіленген талаптарды (566,6 мың адам тартылған, өткен жылғымен салыстырғанда 24,7% аз) және жаяу жүргіншілер мен жол қозғалысының басқа да қатысушылары (144,1 мың адам, 7% көп) жол қозғалысы ережелерін бұзған.