Ұлттық статистика бюросы ескі көліктердің басым көпшілігі еліміздің қай өңірінде тіркелгені туралы ақпаратты жариялады.
Статистикалық бюро мәліметінше, маусым айындағы жағдай бойынша Қазақстанда 4 млн 350,5 мың көлік бар. Оның 87,7 пайызы жеңіл, 10,4 пайызы – ауыр жүк көлігі. Ал автобустар – 1,9 пайызды құрайды.
Шығарылған жылы бойынша жеңіл автомобильдер автопаркінде 20 жыл бұрын шығарылған автомобильдер саны – 50,4%. Шығарылған жылы 20 жылдан астам болған жүк көліктерінің үлесі 60,9%, автобустардікі 42,4%. Демек ел тұрғындарының басым бөлігі ескі көлік мінеді. Ескі темір тұлпарлардың көбі Алматы облысында – 533,9 мың бірлік, Алматы қаласында – 507,2 мың бірлік және Шығыс Қазақстан облысында – 323,3 мың, ең азы Атырау облысында – 117,1 мың бірлік тіркелген.