Бүгін Қазақстанда Құтқарушылар күні аталып өтуде

347

Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 19 қазандағы «Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының құрылымын жетілдіру туралы» Жарлығымен Мемлекеттік комиссияның аппараты негізінде орталық атқарушы орган құрылды. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi және Республикалық Азаматтық қорғаныс штабы — Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi. Бұл дата 2008 жылы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің бастамасымен құтқарушының кәсіби күнінің туған күні болып санала бастады.

Бүгін ерте таңда «өз өмірлерін қатерге тігіп, үнемі төтенше жағдайда жұмыс істеп жүрген» қазақстандық құтқарушыларды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтап, «Сіздер Бұл мәртебелі міндетті абыроймен атқарып келесіздер», деп аатп өтті.

«Мамандыққа адалдық таныту, ерлікке және кез-келген сынаққа дайын болу – төтенше жағдай қызметі мамандарына қойылатын басты талап. Табиғи және техногенді апаттар кезінде, күнделікті сын сәтте сіздерге үлкен жауапкершілік жүктеледі.

Халқымыздың игілігі мен табиғатымыздың құндылықтарын түрлі қауіп-қатерден қорғап, бүгінге дейін мыңдаған адамның ғұмырын сақтап қалдыңыздар. Сондықтан ерен еңбектеріңіз ең жоғары бағаға лайық», деген жоғары баға берді.

Президент құтқарушылардың «Алдағы уақытта да қызметтік борыштарын мінсіз атқарып, ел алдындағы маңызды миссияны жалғастыра беретіндіктеріне» сенім білдіріп, «жауапты жұмыстарына табыс, отбасыларына амандық» тіледі.

Предыдущая запись
Сегодня в Казахстане отмечают День спасателя
Следующая запись
С начала года в Казахстане 72 микрофинансовые организации лишились лицензии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню