488
Пысықтығымен танылған ауылбасының ісі Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала аудандық сотында қаралды. Сот материалдарынан белгілі болғандай, шенеуніктің атына «Дәулетхан» шаруа қожалығы тіркеліпті. Бірақ мемлекеттік қызметшілерге бизнеспен айналысуға заңмен тыйым
салынған. Бұл заңсыздықты анықтаған «Әділдік жолы» РҚБ дерегінше, жеке кәсіпкерлік нысаны сотталушының атына 2013 жылы рәсімделіпті. Шенеунік өзінің әкім болып 2021 жылы ғана тағайындалғанын, өз айыбын мойындайтынын, сондықтан соттан жеңіл жаза беруін өтінді. Дегенмен БҚО Жаңақала аудандық соты оған 428 мың теңге айыппұл кесті. Шенеунік бұл айыппұлды 30 күннің ішінде төлеуі тиіс.