379
Батыс Қазақстан облысында туысының көлігін айдап әкеткен жасөспірім ұсталды. Оқиға түңгі уақытта орын алған. Зашаған кентіндегі Уәлиханов көшесінде 12 жасар оқушы 30 жастағы туысына тиесілі «Toyota Camry» маркалы автокөлігін рұқсатсыз айдап әкеткен. Көп ұзамай жасөспірім бала бағанаға соқтығысқан. Келтірілген шығын көлемі 6,5 млн теңгені құрады.
«Жасөспірімнің ата-анасына Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 127-бабы бойынша кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды» деп атап өтті облыстық Полиция департаментіндегілер.
Көлікті айдап әкету фактісі Қылмыстық кодекстің 200-бабының 1-бөлігімен (айдап әкету) тіркелді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.