384
Көшедегі бұралқы итке оқ атқан Батыс Қазақстан облысындағы Достық ауылының әкімі дауға қалды. Ауыл атқамінері көшеде қаңғып жүрген иттерге пневматикалық мылтықтан екі рет оқ атқан. Бірақ оғының ешқайсысы тимепті. БҚО полиция департаментінің дерегінше, шенеуніктің көзі нашар көреді екен. Сондықтан көздеген нысанасына дөп тигізе алмаған. Сақшылар әкімнің бұл ісінде әкімшілік және қылмыстық құқықбұзушылық жоқ деп отыр. Дегенмен оқыс оқиға Тасқала аудандық полиция бөлімінде тіркеліпті. Енді ауыл басшысының бұл «тентектігі» аудандағы тәртіптік комиссия отырысында қаралып, тіпті тәртіптік шара қолданылуы мүмкін.