453
Тәртіп сақшыларының дерегінше, ұрлық жасағаны үшін істі болған ресейлік ізін жасыру үшін Қазақстанға қашып келген. Сонымен қатар іздеу салынғаннан кейін жазадан бой тасалап жүрген тағы үш қазақстандық ұсталды. Отандастарымыз бұрын алаяқтық жасап, заң бұзған. Ұсталғандардың бәрі де қайта қамалды. Сонымен қатар 4 күннің ішінде көші-қон заңнамасын бұзудың 373 дерегі анықталып, 264 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 13 өзбекстандық БҚО-да заңсыз жұмыс істеп жүрген жерінен еліне кері жіберілді.