БҚО: Ресейдегі бөгетті жырған су Чинарев ауылына қатер төндіріп отыр

Теги: ,
430

Топан су 11-сәуір күні сағат 16.40 Орынбор облысының Ташла ауданындағы бөгетті жырып кеткен.

Су қоймасындағы судың мөлшері 8 млн текше метрге жетеді. Бөгеттің су шайған тұсының ені 8 метрдей. Енді топан су Жайық өзеніне жетсе, Батыс Қазақстан облысындағы Чинарев елді мекенін шайып кетуі мүмкін. 82 отбасы тұратын бұл ауылда мектеп пен медпункт, шекара заставасы жұмыс істейді.

Топан судың жолын кесу үшін Чинарев ауылына 7 арнайы техника, 3 қайық пен 20 шақты төтеншелік және ҚР ҰҚК шекара заставасының қызметкерлері де жіберілген.

Сонымен қатар осы аудандағы компаниялардың экскаватор секілді ауыр техникасы да жұмылдырылыпты.

Предыдущая запись
Почему в Шымкенте низко летают военные самолеты
Следующая запись
В южном регионе приступил к работе полевой механизированный хлебозавод

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню