БҚО: шекарадан заңсыз өткен өзбек азаматы іздестіріліп жатыр

Теги: ,
433

ҚР Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өткен азаматтың қасында 6 жастағы ұлы болған. ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі 1991 жылы туған өзбекстандық Усмон Саиджалоловқа қатысты ҚР ҚК 392-бабы 1-бөлігіне (ҚР мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту) сәйкес қылмыстық іс қозғалғанын растады. Ол 22 мамыр күні шекара қызметі департаментіне шақыртылыпты. Бірақ бұл шақыртуды ескермеген өзбек жігіті бой тасалап, ізін суытқан. Қазір оның ұлымен бірге қайда жүргені белгісіз. ҚР ҰҚК Шекара қызметі салған іздеуде күдіктінің бойы 165-170 см, орта денелі, шашы қара, үстіне қара күрте, сұр джинсы, аяғына қара кроссовка кигені айтылады. Оның Қазақстан шекарасынан заңсыз, өткізу бекетіне соқпай немесе жалған құжатпен өтуі ықтимал. Сонымен қатар уатсап желісінде дәл осы азаматтың кішкентай баланы ұрлап, БҚО-ның Жәнібек ауданы аумағында жасырынып жүргені туралы дыбыстық хабарлама тараған еді. Бірақ БҚО ПД бұл ақпаратты теріске шығарды.

Предыдущая запись
Шымкент: Марихуанамен ұсталған адам полицейлерге есірткіні қайдан алғанын айтты
Следующая запись
Шымкент: арнольдо киари синдромына шалдыққан науқасқа алғаш рет ота жасалды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню