Жамбыл облысы, Меркі ауданының тұрғыны ауласындағы лимузинді пайдалы іске жаратып отыр. Ол Cadillac Escalade маркалы көлігінің артқы салонын бассейнге айналдырған. Осылайша жергілікті тұрғын күннің аптап ыстығында жерлестерін салқындатудың әдісіп ойлап тауыпты. Қала көшелерінде жүрген жылжымалы бассейні бар лимузиннің видеосы желілерде тарады. Автордың айтуынша, бұл көптен бері күткен жоба. Оны көрген желі қолданушылары автокөлік иесінің фантазиясына таңырқаса, енді бірі бұл еріккеннің ісі деп сынның астына алды.
«Болатын тірлік істесеңдерші, жігіттер», «Лимузин қазір керек болмай қалған соң пайдалы іске жаратыпты», «Шығармайтындары жоқ», «Жаз біткенде бассейннің не керегі бар?», «Өзі біледі ғой, тек негатив жаза бермей, қолдау білдірейік. Күшті жасағансыз», «Істеріңізге береке берсін», «Ана бассейнге енді кім түседі. Қатырады екенсіңдер» деп жазды желі қолданушылары.